Жаңалықтар2026 ж. 27 қыркүйек 25
Аудиторлар Қорғаныс министрлігінің шығындарын тексере бастады
Жоғары аудиторлық палата Қазақстан Қорғаныс министрлігіне мемлекеттік аудит жүргізе бастады

Палатаның мәліметінше, тексеру "бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін" анықтау мақсатында жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі, 26 қыркүйекте елдің Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне тексеру жүргізуді тапсырған еді.


